Малая-Владимировка ауылында жаңа күрес залы ашылды

16.01.2025. Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында жас спортшылар үшін күрес залы ашылды, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Спорт нысанының жалпы ауданы 140 шаршы метр. Заманауи зал барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ ауыз су жүйесі шешілген.

Ашылу салтанатында ауылын спортының дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалардың еңбегі атап өтілді. Олардың қатарында елміздің қазақ күресінен спорт шеберлері Тоғайбек Кирибаев, Құмар Мұқашев, Есенгелді Изатов және Амантай Қазымов бар.

Жаңа зал ауыл жастары арасында спортты насихаттау мен болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге көмектеседі.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *