Абай облысында заңсыз атыс қаруы тәркіленді

16.01.2025. Қылмыстық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Үржар ауданында заңсыз қару сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. «Hyundai Sonata» автокөлігінің салонын тексеру кезінде тіркелмеген, бөлшектелген травматикалық тапанша табылды.

Аталған дерек бойынша атыс қаруын заңсыз сақтау фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, оның нәтижелері түпкілікті шешім қабылдау кезінде ескерілетін болады.

Абай облысының полиция департаменті азаматтарға қаруды тіркеу және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау міндетін қатаң түрде ескертеді. Осы талаптарды бұзу қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Abay.Semey.press

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *