Абай облысында полицейлер жолда қалған шетелдік жүргізушіге көмек көрсетті

09.01.2025. Мақаншы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, қиын жағдайға тап болған жүк көлігінің жүргізушісіне кәсіби көмек көрсетті, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Оқиға ауа райының қолайсыздығынан орын алды: тайғақ жол салдарынан Беларусьтан Қытайға бағыт алған жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, жол шетіне соқтығысқан.

Оқиға орнына бірден Мақаншы ауданының учаскелік инспекторы Қайсар Кабиров келіп жетті. Жүк көлігін эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта, полицейлер жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, басқа апаттардың алдын алу үшін көлік қозғалысын реттеді. Үйлесімді іс-қимылдың арқасында мәселе тез шешіліп, жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздық туындаған жоқ.

Беларусьтік жүргізуші полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері мен кәсіби іс-әрекеттері үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Abay.Semey.press

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *