Өрт сөндірушілер дәмханадағы өртті ауыздықтады

02.01.2025. Өрт сөндіру қызметінің пультіне Семей қаласы Ғ.Түктабаев көшесінде орналасқан бір қабатты кафе ғимаратындағы өрт туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Өрт есептоптарының оқиға орнына жеткен сәтте дәмхана шатырының ағаш конструкциялары, жиһаз және тұрмыстық техникасы 60 шаршы метр алаңда жанып жатқан еді.

Барлау кезінде құтқарушылар өрттен екі 54 литрлік газ баллонын эвакуациялап, жарылыс қаупінің және ауыр зардаптардың алдын алды.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Abay.Semey.press

Check Also

График работы ЦОНов и спецЦОНов в праздничные дни марта

06.03.2026. Госкорпорация «Правительство для граждан» сообщает о графике работы ЦОНов и спецЦОНов в период празднования …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *