ХҚКО мен МХҚКО қаңтар айында қалай жұмыс істейді?

30.12.2024. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейтінін хабарлайды. Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады.

5 және 6 қаңтар күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Елімізде 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн ХҚКО мен МХҚКО үшін демалыс болып табылады.

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Abay.Semey.press

Check Also

ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

06.03.2026. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *