Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

16.12.2024. ҚР Тәуелсіздік күні Семейде ел тәуелсіздігі жолында үлес қосқан батырларды еске алды, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Осыдан кейін еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.

Қайрат Рысқұлбеков — желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі. Ол адам құқықтары мен тәуелсіздік үшін күресте батылдық пен табандылықтың символына айналды. Оның ерлігі Қазақстан тарихында өшпес із қалдырып, өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасына айналды.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *