Жаңасемей ауданының тұрғындары қайтарымсыз грант алды

03.12.2024. Шүлбі кентінің қос тұрғыны жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз гранттың арқасында өз кәсіптерін бастады, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Снежана Оспанбаева «Отбасы» атты шағын наубайхана ашса, Гүлнұр Жанболатова отбасымен бірге салмақты «бронза 708» күркетауығын өсіруді қолға алды.

Көп балалы отбасылар 2024 жылдың тамыз айында халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.

Жоба аясында наубайханаға қажетті құрал-жабдықтар, 40 аналық және 10 аталық күркетауық сатып алынып, арнайы жабдықталған инкубатор мен брудер орнатылды.

Abay.Semey.press

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *