Абай облысы «WorldSkills-2024» чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

21.11.2024. Елордада «WorldSkills Kazakhstan-2024» IX республикалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.press. Бес күнге созылған сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 400 жас маман 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы қатысты.

Облыс командасы былтырғы жетістігін қайталап, 39 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Республикалық чемпионатта облыс командасы 30 құзыреттілік бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 2 алтын, 6 күміс, 4 қола, 7 медальон иеленді. «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша екі студент, ал қалған 29 құзыреттілік бойынша бір-бір студенттен сынға түсті.

Республикалық кезең жеңімпаздары келесі жылдың 9-13 қыркүйегі аралығында Данияда өтетін EuroSkills-2025 халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, өткен жылы да Абай облысының командасы «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатында 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль және 12 медальон жеңіп алып, командалық есепте үздік атанған.

Бұл көрсеткіштер облыс студенттері мен колледждерінің кәсіби шеберлік деңгейінің жоғары екенін тағы да дәлелдеді.

Abay.Semey.press

Check Also

Ранняя диагностика станет доступнее в 2026 году

03.12.2025. В Фонде социального медицинского страхования рассказали, какие медицинские услуги с января 2026 года переходят …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *