Абай облысында «Мал ұрысы» ЖПІШ басталды

18.11.2024. 18-20 қараша аралығында Абай облысының аумағында « Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Abay.Semey.press.

Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеттері – ауыл шаруашылығы жануарларын сою, сақтау және сату орындарын анықтау, сою пункттерін, кезбе малды ұстау орындарын тексеру және жануарларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау. Сондай-ақ ет өнімдерін қабылдау және сату орындарына, базарлардағы мал терілері мен етке, олардың ұрланған малмен байланысты болуы мүмкін фактілерін анықтауға тексеру жүргізіледі.

Ерекше назар ет өнімдерінің заңды шығу тегін растайтын құжаттарын тексеруге аударылады.

Іс-шара Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінмен аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы өкілдерінің бірлесіп ұйымдастыруымен өтуде.

Abay.Semey.press

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *