Семейде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

30.10.2024. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Абай облысындағы филиалы 2024 жылғы 1 қарашадан бастап Семей қаласының №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші кесте бойынша жұмыс істей бастайтынын хабарлайды. Бұл бөлім Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан.

Айта кетейік, қазіргі уақытта кезекші кесте бойынша 408-квартал, 21 мекенжайында орналасқан №1 ХҚКО жұмыс істеп тұр. 1 қарашадан бастап бұл бөлім әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді.

Әдеттегі ХҚКО бөлімдері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кезекші орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Сонымен қатар, семейліктер халыққа қызмет көрсету орталығына бару уақытын алдын ала «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы брондай алады.

Abay.Semey.press

Check Also

Прошло 9 лет с момента теракта на воинскую часть Национальной гвардии в Актобе

05.06.2025. Подвиг не забыт: в бригаде Нацональной гвардии города Семей почтили память павших солдат. В …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *