Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

25.10.2024. 25 қазан — Республика күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.Press.

Шара мемлекеттік әнұран шырқаудан басталды. Мерекелік жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Абай облысының әкімі Н. Ұранхаевтың алғыс хаты, Семей қаласының әкімі Н. Нұрсағатовтың құрмет грамотасы, алғыс хаты және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.

Олардың қатарында спорт, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы, өндіріс және бизнес салаларының өкілдері бар.

Салтанатты жиында Нұрбол Нұрсағатов “Қалаға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін «Зеленстрой Семей» ЖШС бас инженері С. Айткалиев пен Семей қаласының «Орталық» қазандығының басшысы А. Сайдуалиевке табыстады.

— Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Семей қаласының мәдениет сарайының өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Abay.Semey.Press

Check Also

Прошло 9 лет с момента теракта на воинскую часть Национальной гвардии в Актобе

05.06.2025. Подвиг не забыт: в бригаде Нацональной гвардии города Семей почтили память павших солдат. В …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *