Республика күні бастауыш сынып оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды

25.10.2024. Республика күніне орай Жаңасемей ауданы, Знаменка ауылындағы орта мектепте мектеп және клуб ұжымының ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті. Шара барысында бастауыш сынып оқушылары «Жас қыран» қатарына қабылданып, ант берді.

Сонымен қатар, Жаңасемей ауданына қарасты ауылдық округтерде Республика күніне арналған салтанатты шаралар өтіп, Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды.

Сонымен қатар, қаламыздағы «Avenue» сауда орталығында Назарбаев зияткерлік мектебінің домбырашылары «Ұлы дала мұрагері» флешмобын ұйымдастырды. Облыстың аудан, қалаларындағы барлық мектептерде патриоттық сабақтар өткізілді.

Abay.Semey.press

Check Also

Прошло 9 лет с момента теракта на воинскую часть Национальной гвардии в Актобе

05.06.2025. Подвиг не забыт: в бригаде Нацональной гвардии города Семей почтили память павших солдат. В …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *