Жарма ауданында Республика күніне орай жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

24.10.2024.Республика күні қарсаңында «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйверлері» жалпыұлттық жобасы аясында Жарма ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Abay.Semey.Press

Жаңа пәтер иелерін аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Бірлік ауылының тұрғыны, пәтер иесі Маржан Бақлаева өз қуанышымен бөлісті:

Мен баспана кезегінде 5 жылдай тұрдым. Менің үйім апатты жағдайда болды, көмек пен қолдау көрсеткендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді

Мерекелік көңіл-күйді аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы өз өнерлерімен жалғастырды.

Айта кетерлігі, ауданда құрылыс қарқыны айтарлықтай артып, жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде. Жыл басынан бері аудан тұрғындарына 30 пәтердің кілті табыс етілді.

Abay.Semey.Press

Check Also

Лучшие снайперы определены в сухопутных войсках

04.09.2025. Военнослужащие регионального командования «Восток» вернулись с призовым местом в конкурсе снайперов Сухопутных войск РК, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *