Семейде тұңғыш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды.

Осыған орай, Республика күні қарсаңында Семей қаласында алғаш рет «ProfCity-2024» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Оған қаладағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қатысты, өздері оқытатын мамандықтар бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырды. Көрмеге фелдшер, өрт сөндіруші, ІТ маман, шаштараз, дизайнер, дәнекерлеуші сынды түрлі мамандықтар қатысты.

Іс-шараны мектеп оқушыларымен бірге қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов та тамашалады. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмек көрсету, пайдалы кәсіптер туралы көзқарастарын дамыту және мамандықтардың ерекшеліктерін таныстыру.

Іс-шара барысында оқушылар мамандықтардың «образына» еніп, олардың қызықты әрі қиын тұстарын сезініп көру мүмкіндігіне ие болды.

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

19.12.2025. Жапониядағы ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Rakuten Group компаниясының негізін қалаушы, басқарма төрағасы және …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *