Аягөз жастары кітап оқу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етуде

Майлин ауылдық округінде аудандық жастар ресурстық орталығы мен «OQY CLUB» оқу клубының ұйымдастыруымен алғаш рет бірлескен қайырымдылық шарасы өтті. Жоба ауылдарда кітапты насихаттауға және кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Бұл жобаның жан-жақты, әрі білімді жастарды тәрбиелеуде маңызы зор.

Шара барысында Майлин ауылдық округінің жастарына түрлі жанрдағы 50 кітап сыйға тартылды. Олардың ішінде әлемге танымал шығармалар, сондай-ақ жаңа оқырмандарды шабыттандырып, баурап алатын бестселлер кітаптар бар.

Бұл кітаптар өскелең ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда әрі ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізері анық.

Акция бастамашыларының бірі саналатын «OQY CLUB» оқу клубының бұл шарасы Қазақстанда алғаш рет өтіп отырған жоқ. Клубтың миссиясы – еліміздің шалғай аймақтарында сапалы әдеби кітаптардың қолжетімді болуына, оқуға құмар ортаны қалыптастыруға ықпал ету.

Check Also

Құрлық әскерлерде үздік мергендер анықталды

04.09.2025. Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай өткен ҚР Құрлық әскерлерінің мергендер байқауынан «Шығыс» …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *