Курчатов қаласының жылу нысандары тексерілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жылу нысандарын тексеру мақсатында Курчатов қаласына барды. Сапар барысында бірнеше негізгі қазандықтарды аралап, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Атқарылған шараларға оң бағасын берді.

Биыл Курчатов қаласында жылу желілерінің апатты және тозығы жеткен учаскелері жөнделіп, қазандықтар ауыстырылды. Қалада жылу беру маусымы қала әкімдігінің қаулысына сәйкес 2 қазанда басталды.

Сондай-ақ, сапар барысында Димитрий Гариков Школьная 2 және Абай көшесі 35 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Check Also

График работы ЦОНов и спецЦОНов в праздничные дни марта

06.03.2026. Госкорпорация «Правительство для граждан» сообщает о графике работы ЦОНов и спецЦОНов в период празднования …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *