Ұландар антқа адал  

Шоқан Уәлиханов атындағы Жас Ұлан лицейінде тәрбиеленушілері салтанатты антын қабылдады. Іс-шара ата-аналардың, ардагерлердің және тәрбиеленушілердің қатысуымен өтті.

Оқу орнының саптық алаңына офицерлер, шақырылған қонақтар мен ата-аналар жиналды. Саптық қадаммен бірінен соң бірі шығып, ұландар өмір бойы есте қалатын салтанатты ант мәтінін айтты.

Жаңадан лицей қабыоғасына келген ұландарды запастағы полковник Александр Коновалов құттықтап Ұлан антының маңыздылығын атап өтті:

 — Сіздер қазір үлкен отбасының бір бөлігісіздер және иығыңызда «ұлан» атағын алып жүрсіздер. Сіздер ұлан антының талаптарын абыроймен орындайсыздар деп үміттенемін. Барлық ата-аналарды осы атаулы күнмен құттықтаймын.

Жас Ұлан лицей интернаты — бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әскери бағытта жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру мекемесі. Оқушылар оқу орнының қабырғасында тәулік бойы болу жағдайында үздіксіз әскери оқыту үдерісінен өтеді — бұл күн тәртібін, белгіленген талаптарды орындау, әскери киім мен атрибутика кию, ұландардың ар-намыс кодексін сақтау. Әскери істің негіздері 5-сыныптан бастап оқытылады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

Дорожное движение на автодороге Калбатау-Майкапчагай будет открыто до конца года

18.04.2025. Сегодня в области Абай официально открыт сезон дорожного строительства. В мероприятии открытия, которая проходила …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *