Ақсуат ауданында Астана тұрғыны марихуана сақтағаны үшін ұсталды

Ақсуат ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана тұрғынының жалдамалы үйінде есірткі заттарын сақтағанын анықтады.

Алынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары дереу көрсетілген мекен-жайға барып, үйде тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, үйден есірткі заттарына ұқсас заттар салынған пакеттер табылды. Пакеттер заттай айғақ ретінде тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар 23,88 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Check Also

Абай облысында қар шығару және еріген қар суын сору жұмысы жалғасуда

10.03.2026. Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында қар …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *