Төтенше жағдайлардың алдын-алу жайы пысықталды

Абай облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою жөнінде облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Жиын барысында 2025 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, 2024-2025 жылдардағы жылу маусымы уақытында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру жайы сөз болды. Сондай-ақ, маңызды нысандар мен көлік инфрақұрылымын алдағы қысқы кезеңге дайындау мәселелері қаралды.

Жиынға қала, аудан әкімдері, облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Жиында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Азамат Орымбаев өңірде жүргізіліп жатқан су тасқынының алдын алу шаралары туралы хабардар етті. Сондай-ақ нысандар мен көлік инфрақұрылымының қысқа дайындығы бойынша облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшылары баяндама жасады.

Отырыс қорытындысында жылу беру маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Check Also

За нарушение выпаса скота оштрафованы более 2 тысяч сельчан в области Абай

С начала года в области Абай произошло 168 дорожно-транспортных происшествий с участием бесхозных животных, в …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *