Облыс әкімі Мақаншы ауданындағы құрылыс нысандарының жұмысын тексерді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Мақаншы ауданына жасаған жұмыс сапарының аясында дәрігерлік амбулатория құрылысының барысымен танысты. Жұмыс «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бас мердігер – «Капитал Строй Проект групп» ЖШС. Құрылысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Аймақ басшысы аудан әкімі, аурухана басшысы сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасына медициналық кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін еліміздің өзге өңірлерінен мамандар тартуды тапсырды. Келген мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.

Аудан орталығында мердігер «QK SUNQAR» ЖШС 140 орындық балабақша құрылысын жүргізуде. Қазір ғимараттың қасбетін мен ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі аудан әкімдігі мен тиісті басқармаларға құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімін қатаң қадағалауды тапсырды.

Check Also

Проведена проверка объектов теплоснабжения

Заместитель акима области Абай Димитрий Гариков провел инспекционный объезд ключевых объектов теплоснабжения города и оценил …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *