Аймақ басшысы білім нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаладағы білім ошақтарының алдағы жылу маусымына дайындығын тексерді. Атап айтқанда, мектеп қазандықтарының бүгінгі жай-күйіне, олардың қажетті отын қорымен қамтамасыз етілуіне баса назар аударылды.

2024 жылға мектеп қазандықтары үшін көмірге жалпы сұраныс 14 348 тоннаны құрап отыр. Барлық білім мекемелеріне жеткізуге келісім-шарт жасалды. Сондай-ақ 72 тонна сұйық отын жеткізу ұйымдастырылды. Қазір жылу жүйелерін жуып тазалау және жылуды қабылдауға әзірлік актісін дайындау жұмысы аяқталуда.

Аймақ басшысы №12 және №49 мектептердің жылу қазандықтарының жұмысымен танысты. №12 мектепке жақында екі жаңа қазандық орнатылады. Ал №49 мектептің қазандығында вентильдерді ауыстыру аяқталды. Бұдан бөлек қазандықтардың кірпіш қабырғасы жаңартылып, қазандықтарды қаптау жұмысы аяқталуда.

«Мектептердегі бұл жұмысты сапалы аяқтау қажет. Біздің балаларымыздың жайлы әрі жылы ортада білім алуына, денсаулығы мен қауіпсіздіктеріне мән беруіміз керек. Жұмыстың кешіктірілуі — білім сапасына айтарлықтай кері әсер ететінін барлықтарыңыз жақсы біліп отырсыздар. Жылу маусымы жақындап қалды, босаңсуға болмайды. Барлық міндеттер уақытында орындалуы керек. Нысандар уақытында дайын болуы үшін барлық ресурстарды жұмылдыру қажет», — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, аймақ басшысы ІТ-колледжінде болды. Мұнда соңғы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдің өзінде LED-экран іске қосылып, ғимараттың шатыры жөнделді. Жарықтандыру, жылу желілері, су құбыры, кәріз жүйесі ретке келтірілді. Сыртқы жарықтандыру орнатылып, терезелер ауыстырылды. Қазір аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілуде.

Білім мекемелерін аралаған облыс әкімі жауапты құрылымдарға туындаған қиындықтарға ден қойып, істі тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бүгінде жеке ғимараты бар ведомстволық бағынысты 88 мемлекеттік мекеменің 63 нысаны орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қалғандарында көмір (20 нысан), дизельдік отын (2 нысан) және электрмен жылытуды (4 нысан) пайдаланатын автономды қазандықтар бар.

Check Also

За нарушение выпаса скота оштрафованы более 2 тысяч сельчан в области Абай

С начала года в области Абай произошло 168 дорожно-транспортных происшествий с участием бесхозных животных, в …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *