Абай облысының мектептерінде әлімжеттікке қарсы бағдарлама енгізілді

Абай облысында 2023-2025 жылдарға арналған балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылық және суицидтің алдын алу жөніндегі Кешенді жоспар аясында мектептерде психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған озық бағдарламалар енгізілуде
 
2024-2025 оқу жылынан бастап өңірдегі төрт пилоттық мектепте оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу және оны жоюға бағытталған «KiVa» антибуллинг бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаны Финляндиядағы Турку университеті әзірлеген. Бағдарлама Еуропада кеңінен қолданылады.

«KiVa» бағдарламасы алдын алу, туындаған кикілжіңді шешу жолдарын қамтитын бірнеше деңгейде жұмыс істейді.

Сонымен қатар облыстың бес пилоттық мектебі «Өркен» Ұлттық ғылыми-практикалық институты әзірлеген «ДосболLIKE» бағдарламасын іске асыруға қатысуда. Бұл бағдарлама 1-11 сынып оқушыларын қамтып, қауіпсіз әрі қолдау көрсететін мектеп ортасын қалыптастыруды көздейді.

«ДосболLIKE» бағдарламасы аясында 327 педагог буллингтің алдын алудың ғылыми-практикалық негіздері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Орталық әзірлеген әдістемелік ұсыныстарда девиантты мінез-құлықтың алдын алу, психологияға төнетін қауіптер мен қатерлердің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың жауапкершілігі мен денсаулығын нығайту мәселелері қамтылған.

Check Also

Проведена проверка объектов теплоснабжения

Заместитель акима области Абай Димитрий Гариков провел инспекционный объезд ключевых объектов теплоснабжения города и оценил …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *