«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері «Айбалта-2024» оқу-жаттығуына аттанды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты бірқатар әскери бөлімдер Жамбыл облысында өтетін «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуына қатысу үшін аттанды.

Аталмыш оқу-жаттығу Қарулы Күштерінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигонының базасында жоспарланған және 2024 жылдың 2-13 қыркүйегі аралығында өтеді.

Жеке құрам және жауынгерлік техникаларды теміржол көлігімен Мәтібұлақ полигонына жеткізіледі.

          -Тактикалық «Айбалта-2024» оқу-жаттығуы — бөлімшелердің, әскери бөлімдердің, құрамалардың жауынгерлік даярлығының жоғары нысаны болып саналады. Жеке құрамның жауынгерлік даярлығын, бөлімшелердің, әскери бөлімдер мен құрамалардың үйлесімділігін, сондай-ақ жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыруда және әскерлерді басқаруда командирлер мен басқару органдарының дағдыларын тексеру және жетілдіру мақсатында жүргізіледі, — деп атап өтті «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшылығының қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов.

Өткізілетін оқу-жаттығуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 32355-К, 44793, 32388, 27943, 40398 әскери бөлімдерінің жеке құрамы қатысады.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Check Also

ХҚКО және МХҚКО наурыз айында қалай жұмыс істейді?

06.03.2026. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *